Diaverum емделушілерінің, қызметкерлерінің және серіктестерінің денсаулығы мен қауіпсіздігі басты басымдылық болып табылады.

Diaverum қаңтар айынан бері COVID-19-бен жағдайды мұқият қадағалауда және жағдайды білу үшін күнделікті кездесулері бар нақты сұрақпен айналысатын кризистік дайындық тобын тағайындады.  Жағдай күнде өзгеруде, кейде сағат сайын, және біз сәйкес жолмен жағдайды бағалауды жалғастырудамыз.

Diaverum күллі ұйым шегінде ерте кезеңде COVID-19-ға қатысты төтенше жағдайлардағы әрекеттер жоспарын енгізді, және енді Diaverum елдік топтармен және онда клиника қатысатын барлық нарықтарда мемлекеттік билік органдарымен тұрақты диалог жүргізеді. Емделушілер қызметтерге тәуелді және инфекцияларға  ерекше бейім болғандықтан, біз тағы клиникалық персонал үшін инфекциялық бақылау саясаты мен процедураларын қатаң сақтау маңыздылығы туралы толық басшылық шығардық. Біз, сонымен қатар, Diaverum-ның барлық емделушілеріне, оның ішінде аурудың кең көлемді таралуы жағдайында да, олардың қажеттілікке қарай диализді алатындығына кепілдік беретін, ұзақ мерзімге арналған сақтық шараларын қабылдадық және болжанбаған  оқиғалар жағдайына әрекеттер жоспарларын әзірледік. Біз емделушілер және олардың отбасыларының мүшелері ішінде алаңдаушылық туу мүмкін екендігін түсінеміз, және біздің емделушілерге олардың өздерін вирустық аурудан қалай қорғай алатындығын жақсырақ түсінуге көмек көрсетуге міндеттенеміз. Медициналық, операциялық, кадрлық және коммуникациялық жағынан қауіптерді төмендету үшін компанияда жаңа, жаңартылған саясаттар әзірленген болатын. Жаңа саясат әрбір елдің денсаулық сақтау органдары ережелерімен сәйкес бейімделген және жергілікті тілдерге аударылған. Осындай саясаттар белсенді түрде барлық Diaverum қызметкерлерінің назарына жеткізілген, сонымен қатар, графикалық коммуникацияға айналдырды, оны барлық клиникалар мен кеңселерден көруге болады. Сонымен қатар, Diaverum COVID-19-ға қатысты күллі ақпаратты жинау үшін ішкі сайтты әзірлеуде, ол Diaverum-ның барлық қызметкерлері үшін қолжетімді. Сақтық шарасы ретінде, бүйрек жеткіліксіздігі бар барлық емделушілер үшін (Diaverum үшін де, басқа емделушілер үшін де) қауіпті минимумға жеткізу үшін, Diaverum болашақ өкімдерге дейін біздің d.HOLIDAY бағдарламасын уақытша тоқтату шешімін қабылдады. Яғни, бұл қазіргі уақытта біздің барлық клиникаларымызда біз демалыстағы емделушілер санын шектеп (кейбір жеке бағаланған ескертулермен) және емделушілерге шетелге бармауды ұсынатынымызды білдіреді. 

Сонымен қатар, біздің ұйым шеңберінде үлкен топтар жиналыстары немесе конференциялары өткізілбейді, ал алдын ала жоспарланып қойған іс-шаралар кейінге шегерілуде немесе виртуалдық кездесулерге ауыстырылуда.

Біз жағдайды мұқият қадағалап отырмыз және біздің емделушілер мен қызметкерлердің денсаулығы мен амандығын қорғау үшін проактивті шаралар қабылдаймыз, сонымен қатар, әрбір емделушіге керемет медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде медициналық қызметкерлерге қолдау көрсету үшін күш жұмсауды жалғастырамыз.

Дендеріңіз сау болсын және жергілікті денсаулық сақтау органдарының кеңестерін орындауды жалғастырыңыздар.

 

Соңғы жаңалықтар

Өсу / даму

Diaverum Сингапур және Малайзия нарығына шығады

COVID-19

Бас директордың үндеуі

d.ACADEMY

d.Academy қайта аккредиттеу