Біздің d.ACADEMY мейірбикелерді оқыту бағдарламамыз диализ және трансплантология бойынша Еуропалық мейірбикелер ассоциациясының/Бүйрекке күтім жасау  бойынша Еуропалық ассоциацияның Аккредиттеу комитетінен қайта аккредиттеу саласындағы ең жоғары мүмкін сыйлықты алғандығына қуаныштымыз. 

Бағдарлама «Корпоративтік жақсарту процессі» қызметтірінің пакетінен бастауын алады, ол Diaverum-да алғаш рет 2004 жылы әзірленген және алғашқы аккредитациясын 2007 жылы диализ және трансплантология бойынша Еуропалық мейірбикелер ассоциациясының/Бүйрекке күтім жасау  бойынша Еуропалық ассоциация алды. Бағдарлама 2017 жылы түбегейлі қайта қаралғаннан кейін, биыл тағы аккредиттеу қажет етілді. Осындай процесске қатаң сыртқы тексеріс кіреді, онда біз біздің оқыту бағдарламамыздың мазмұнын, процесстерді және күллі бағдарлама бойында біз прогрессті қалай қадағалап және бақылайтындығымызды сипаттауымыз қажет еді. Диализ және трансплантология бойынша Еуропалық мейірбикелер ассоциациясының/Бүйрекке күтім жасау  бойынша Еуропалық ассоциациясы Аккредиттеу комитеті оқытудың күтілетін стандарттарға сәйкес келетіндігіне көз жеткізу үшін біздің күллі құжаттамамызды, процесстер мен есептемелерді қарап шықты. Біз үшін жоғары бағаланған ең жоғары сыйлықты алу үлкен мәртебе, ол барлық елдерде қызметтерін орындайтын барлық біздің мейірбикелер бригадаларының батыл және мақсатты жұмысын көрсетеді.  

«Мен біздің мейірбикелерді оқыту бағдарламамызды Диализ және трансплантология бойынша Еуропалық мейірбикелер ассоциациясының/Бүйрекке күтім жасау  бойынша Еуропалық ассоциация Аккредиттеу комитеті қайта аккредиттеуін мақтан тұтамын және өте қуаныштымын», - деді Diaverum-ның бас дәрігері Фернандо Макарио (Fernando Macário).

 «Аталмыш процесс өте күрделі болды, бізге бірнеше мәрте қолдау көрсеткен команданың арқасында мүмкін болды. Біздің білім беру процессіміздің сапасы біз жұмыс істейтін барлық елдердегі мейірбикелік күтімнің мінсіздігін көрсетеді. Мәдениет, сонымен қатар, біздің мейірбикелер командасының техникалық және адамгершіліктік сапалары біз ұсынатын күтімнің жоғары стандарттарын анықтайды. Бұл аса күрделі кезеңде жоғары жетістік болып табылады. Мен үшін Diaverum клиникасында жұмыс істеу үлкен мәртебе»

Біз Diaverum-гі жұмысымыз уақытында тұрақты оқуды жалғастыру шешіміне сенімдіміз, және осы сыйлық, COVID-19 дағдарысымен байланысты мәселелерге қарамастан, осы саладағы  біздің жетістігімізді көрсетеді. Қайта аккредиттеу жобасына басшылық еткен мейірбикелер - Израиль Сильва, Филиз Акдениз, Сьюзи Пирс және Мари Паз – елдік мейірбикелердің барлық директорларымен және Хакан Петерссонмен, көшбасшылық және даму жөніндегі директормен бірге Диализ және трансплантология бойынша Еуропалық мейірбикелер ассоциациясына/Бүйрекке күтім жасау  бойынша Еуропалық ассоциациясы қажетті деректерді жинау үшін жұмыс істеді.

Жоғары сыйлық ала отырып қайта аккредиттеу тіпті өте ауыр жағдайларда біздің мейірбикелердің жоғары сапалы оқуын ұсынуды жалғастыруға талпынысымыздың куәсі болып табылады. 

 

Соңғы жаңалықтар

Өсу / даму

Diaverum Сингапур және Малайзия нарығына шығады

Бас директордың үндеуі

d.ACADEMY

d.Academy қайта аккредиттеу