Қазіргі уақытта бізде 400-ден астам клиникалар және 11 000-нан астам Diaverum қызметкерлері бар, олар бүйрекке күтім жасауды түрлендіру, бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге өмірді жақсартуға ықпал ететін көмекті қамтамасыз ету және емделушілерге толыққанды өмір сүру мүмкіндігін ұсыну бағытында жұмыс істеуде.

2020 жылдың қаңтар айының соңындағы жағдай бойынша, Diaverumда бүйрекке күтім жасау бойынша қызметтер ұсынатын, бірінші кезекте, гемодиализ, төрт континенттерде 400-ден астам клиникалары бар, жыл сайын 39 000 -нан астам емделушілер.

«Мен күллі әлем бойынша 400-ден астам клиникаларда бүйрекке күтім жасау бойынша қызметтер көрсетіп, өмір деңгейін арттыратын компанияны басқаратындығымды мақтан тұтамын! Аталмыш меже біздің сәтті даму тарихымызды атап өтуге үндеу болып табылады, сонымен қатар, біздің миссиямыздың мәнін көрсетеді – күллі әлем бойынша емделушілер үшін күтім жасау бойынша қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету» - деді Diaverum компаниясының бас директоры Димитрис Мулавасилис.

Diaverum өзінің тарихын 1991 жылы Gambro Healthcare бөлімшесінің негізі қаланып және Лундта, Швеция, алғашқы диализдік клиника ашылған сәттен бері жүргізеді. Бөлімше сәтті болды және 1990-шы жылдары негізінен Еуропада дами бастады.

Diaverum-ның бас дәрігері Фернандо Макарио есіне алады: «Әлі күнге дейін күлімсіреп есіме алатын күндер бар. Мен онда 1997 жылдан бері медициналық директор болған диализ клиникасын Gambro компаниясы сатып алғаны менің есімде. Бұл 2001 жылы орын алды және біздің емделушілерге күтім көрсетудегі тұрақты жетілдіру жолының басы болды. Сол сәттен бері Diaverum-ге айналған клиникалар нығайды және олар қай жерде болмасын, бүйрекке шынайы күтім көрсетуді жалғастыруда»

2007 жылы Gambro Healthcare компаниясын Bridgepoint компаниясы сатып алды. Сол уақытта бұл көлемі бойынша Еуропада диализ қызметтерінің екінші жабдықтаушысы еді, 14 елдерде 155 клиникалары және Оңтүстік Америка мен Австралияда қосымша бизнесі болды. Жыл сайын осы клиникаларда жалпы алғанда 12 000 емделушілерге қызмет көрсетілген. Көп кешікпей «Diaverum» атауы қабылданып және күллі әлем бойынша іске қосылды, және клиника қызметінің өсімі жылдамдады. 2012 жылы, Diaverum бес жыл бойы өз бетімен жұмыс істеген уақытта, клиника күллі әлем бойынша 20 000 емделушілерге диализ қызметтерін ұсынған және компания өзінің 250-ші клиникасының ашылуын атап өтті.

Diaverum-нің бас операциялық директоры, Борис Жачич, бұрында өзі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге көмек көрсету бойынша мейіргер болып жұмыс істеген және қазіргі уақытта Diaverum-нің көптеген нарықтары үшін жауап береді. Ол 400-ші клиникаға және компания тарихындағы осы жаңа межеге қатысты келесідей мәлімдеме жасады:

«Бүйрекке күтім жасау саласындағы 26 жылдық жұмыс тәжірибесіне ие бола отырып, мен қазіргі таңда бүйрек жеткіліксіздігінен жапа шегетін 39 000-нан астам емделушілерге қызмет көрсететін компанияның бас операциялық директоры болып табылатынымды мақтан етемін.

Біздің он бір елден 22 елге дейін өсуіміз және төрт континенттерде болуымыз біздің қызметкерлерге бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге олар өмір сүретін және саяхаттайтын жерлерде оларға өмірлік маңызы бар көмекті көрсетуге мүмкіндік береді. Біз жергілікті қауымдастықтармен ынтымақтаса жұмыс істейміз және емделушілермен қатар, персоналға да денсаулық және профилактиканың құндылығы сұрақтары бойынша білім береміз, және әрбір клиника бізге адамдардың көп санын қамтуға көмектеседі. Бұл біздің бүйрек жеткіліксіздігінен жапа шегетін емделушілердің өмірін жақсарту және оларға толыққанды өмір сүру мүмкіндігін ұсыну бойынша миссиямызға сәйкес келеді.

«Diaverum құзыретті, құмар, шабыттанған және адамгершілікті команда елесін тарады. Біздің қызметкерлер Diaverum құндылықтарын күн сайын өмірде жүзеге асыруға көмектеседі – құзыреттілік, құмар және шабыт. Бұл саяхат керемет танғажайып болды және қандай іргетасқа болашақты тұрғызуға болады – деді Фернандо Макарио.

2019 жыл едәуір өсу жылы болды. Жыл бойы Diaverum Албанияға кіре отырып, Еуропада өсті, және Саудиялық Аравияда диализге бес жылдық келісім-шартын ұзарта отырып, өзінің Таяу Шығыстағы позициясын нығайытты. Компания, сонымен қатар, Мароккомен серіктестіктің арқасында төртінші континент, Африкада өзінің орнын тапты.

 

Соңғы жаңалықтар

Өсу / даму

Diaverum Сингапур және Малайзия нарығына шығады

COVID-19

Бас директордың үндеуі

d.ACADEMY

d.Academy қайта аккредиттеу