Diaverum әлеуметтік желілері. Әлеуметтік желілердегі құпиялық туралы хабарлама

Компанияның әлеуметтік желілерде қолданыстағы аккаунттары бар. Сондықтан  компания жаңалығынан хабардар болып, сұрақ қоя аласыз, ұсыныстар жасап, фотосуреттер жариялай аласыз, ұсыныстар жасап, фотосуреттер жариялай аласыз және Diaverum-ға қатысты тақырыптар бойынша пікір айта аласыз. Әлеуметтік желілер Facebook, Twitter, Instagram, YouTube, LinkedIn және сіз қолданатын басқа платформалар сияқты платформалардан тұрады.

Компания әлеуметтік желілердегі өзінің барлық әрекетін бақылайды. Егер әлеуметтік желілер арқылы жеке немесе тікелей хабарлама жіберсеңіз, ол мәселе шешілгенге дейін бізде сақталады. Хабарламаңыз басқа ұйымдарға берілмейді.

Әлеуметтік желілермен жұмыс істеуге жауапты қызметкерлер желідегі барлық әрекетке қол жеткізе алады және хабарламаны немесе ақпаратты қалай басқаратынымыз туралы шешім қабылдай алады. Мысалы, әлеуметтік желілер арқылы бізден жауап талап ететін  хабарлама жіберсеңіз, біз оны сұрау немесе шағым ретінде өңдей аламыз. Diaverum-ға әлеуметтік желілер арқылы хабарлассаңыз, платформаның құпиялық туралы ақпаратымен танысуды ұсынамыз.

Әлеуметтік желі операторлары

Сайтқа кірсеңіз, немесе қосымшаны қолдансаңыз, мысалы, батырмалар немесе баннер жарнамалары арқылы әлеуметтік желі операторлары қолданушылар әрекетін талдай алады. Diaverum әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына кірген кезде, жеке деректеріңіз түрлі өңдеуден өтеді.

Егер әлеуметтік желілердегі парақшамызға кірсеңіз, оператор бұл әрекетті сіздің қолданушы тіркеу жазбасына тіркей алады. Сіз кірмеген болсаңыз немесе тіркеу жазбаңыз болмаса да жеке деректеріңіз жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда жиналған деректерді құрылғыдағы cookie файлдары арқылы немесе IP-мекенжайыңызды тіркеу арқылы сақтауға болады.

Бұл дегеніміз – әлеуметтік желі операторлары артықшылығы мен қызығушылығы бар қолданушы профильдерін жасай алады деген сөз. Мысалы, бұл әлеуметтік желілерде сіз қатыспай-ақ және ішіндегі қызығушылыққа негізделген жарнамаларды көрсету үшін керек. Сізге қызық болатын жарнамалар сіз кірген кез келген құрылғыда көрсетілуі мүмкін.

Компания әлеуметтік желілер порталдарындағы барлық өңдеу операциясын немесе әрекетін бақыламайтынын ескеріңіз. Жеткізушіге байланысты операторлар қосымша деректерді өңдей алады. Толық ақпаратты әлеуметтік желілер порталының пайдалану шарттары мен құпиялық саясатынан оқуға болады.

Құқықтық негіз

Diaverum-нің әлеуметтік желілерде болуы интернетке үздіксіз шығуды қамтамасыз етеді. Мұндай әлеуметтік желілерде жеке деректерді өңдеу бизнес ретінде заңды мүддемізге жауап береді. Бұл компания ішінде де, одан тыс жерлерде де әртүрлі мүдделі тараптың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді.

Әлеуметтік желілер операторларының дербес деректерді өңдеуі осы операторлар жеке көрсетілген әртүрлі құқықтық негіз бойынша жүруі мүмкін (мысалы, GDPR 6 (1) (a) бабы мағынасындағы келісім).

Компанияның жауапкершілігі және қолданушы құқықтары

Әлеуметтік желілердегі профильдеріміздің біріне кірген кезде, компания платформа операторымен бірге деректерді өңдеуге жауап береді. Diaverum компаниясы және әлеуметтік желілер операторы арқылы құқықтарыңызды (ақпарат сұрату, түзету және жою, өңдеуді шектеу, деректерді көшіру және рекламация) жүзеге асыра аласыз.

Сондай-ақ, өзіңіз таңдаған деректерді қорғау жөніндегі ресми органға шағым беруге құқығыңыз бар.

Компания әлеуметтік желілер операторларының деректерді өңдеуіне толық әсер етпейді. Біздің мүмкіндікті сол провайдердің компания саясаты анықтайды.

Сақтау уақыты

Әлеуметтік желілер арқылы тікелей алынған деректерді сақтаудың қажеті болмаса, ақпарат жарамсыз болса, оларды жоюды сұрайсаңыз немесе өз келісіміңізді қайтарып алсаңыз, олар компания жүйелерінен жойылады. Cookie файлдары жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін немесе сіз оларды жойғанға дейін құрылғыңызда қалуы мүмкін.

Компания әлеуметтік желілер операторларының жеке деректерді өз мақсаты үшін қанша уақыт сақтайтынын бақылай алмайды. Толығырақ ақпарат алу үшін әлеуметтік желілер операторларының құпиялық саясатымен танысыңыз.

Әлеуметтік желілер

Facebook

Компанияның Facebook-те ресми аккаунты бар. Провайдері – Facebook Ireland Limited, 4 Grand Canal Square, Grand Canal Harbour, Дублин 2 Ирландия.

Diaverum Facebook-пен деректерді өңдеу үшін бірлескен жауапкершілік туралы келісімге қол қойды (Контроллерді толықтыру). Осы келісім біздің Facebook Fan парақшамызға кірген кезде Diaverum немесе Facebook деректерді өңдеу бойынша қандай операциялар үшін жауапты екенін анықтайды. Келісіммен мына сілтеме арқылы  танысуға болады: https://www.facebook.com/legal/terms/page_controller_addendum.  

Қолданушы аккаунтыңызда жарнама параметрлерін өзіңіз реттей аласыз. Ол үшін мына сілтемені басыңыз және жүйеге кіріңіз: https://www.facebook.com/settings?tab=ads.

Facebook құпиялылық саясаты: www.facebook.com/about/privacy/  

Instagram

Компанияның Instagram-да ресми аккаунты бар. Провайдері – Facebook Ireland Limited, 4 Grand Canal Square, Grand Canal Harbour, Дублин 2 Ирландия. Олар сіздің жеке ақпаратыңызды қалай өңдейтіні туралы толығырақ ақпаратты Instagram компаниясының құпиялық саясатынан қараңыз: https://help.instagram.com/519522125107875.

Twitter

Компанияның Twitter-де ресми аккаунты бар. Жеткізуші – Twitter International Company, One Cumberland Place, Fenian Street, Дублин 2, D02 AX07 Ирландия.

Олар сіздің жеке ақпаратыңызды қалай өңдейтіні туралы толығырақ ақпаратты Twitter құпиялық саясатынан қараңыз:

https://twitter.com/privacy

LinkedIn

Компанияның LinkedIn-де ресми аккаунты бар. Жеткізуші – LinkedIn Unlimited Company, 70 Sir John Rogerson’s Quay, Дублин 2, Ирландия.

Олар сіздің жеке ақпаратыңызды қалай өңдейтіні туралы толығырақ ақпаратты LinkedIn құпиялық саясатынан қараңыз:

https://www.linkedin.com/legal/privacy-policy

 

YouTube

Компанияның YouTube-те ресми аккаунты бар. Жеткізуші – Google Ireland Limited, Gordon House, Barrow Street, Дублин 4, Ирландия.

Олар сіздің жеке дерегіңізді қалай өңдейтіні туралы толығырақ ақпаратты YouTube құпиялық саясатынан қараңыз:

 https://policies.google.com/privacy

Кері байланыс және комментарий

Компания әлеуметтік желілердегі ресми профильдер арқылы клиенттердің, сондай-ақ, басқа да қолданушының кері байланысын, комментариі мен тілегін құптайды және бағалайды. Дегенмен компания пікірі бойынша комментарий мен файлдарда төмендегі белгілердің бірі болса, компания оларды жою құқығына ие:

  • жала жабу
  • заңнаманы бұзу
  • алаяқтық немесе жаңылыстыру
  • жеке тұлғаларды немесе компанияларды қорлау
  • ебедейсіз немесе дөрекі мінез-құлық

Есіңізде болсын, ресми жарияланған комментариіңіз бен суреттеріңізді парақшаға кіргендердің бәрі оқып, көре алады. Компания біреудің құқығын бұзбау және құпиялыққа қатысты ережелер мен қағидаларды сақтау үшін ресми әлеуметтік профильдегі коментариді, фотосуретті немесе видеоны міндетті түрде жоя алады.

Әлеуметтік желілердегі Diaverum жайлы немесе осы құпиялық туралы нақты хабарлама туралы сұрақтарыңыз болса, бізге info[at]Diaverum[dot]com мекенжайына немесе деректерді басқаруға жауапты уәкілетті тұлға – Diaverum АВ, бульвар Хилли 39, SE 215 37 Мальмё, Швеция мекенжайына жазбаша хат жіберу арқылы хабарласыңыз. Байланыс телефоны: 559140-5344.

Diaverum АВ деректерді қорғауға жауапты уәкілетті тұлғаны тағайындады, онымен se.dpo[at]Diaverum[dot]com электрон поштасы арқылы немесе жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша түрде байланысуға болады.

Кейінгі жаңарту күні: 2020 жылғы 7 желтоқсан