Бүйректер не істейді?

Сіздің бүйректеріңіз өмір сүру үшін өте маңызды. Олардың негізгі функциялары - қандағы қалдықтарды сүзу және тұздардың, минералдардың және судың деңгейін теңестіру, бұл өз кезегінде Сіздің қан қысымыңызды реттеуге көмектеседі. Сондай-ақ, олар D дәруменінің, сіздің ағзаңыз тағамнан кальцийді сіңіру үшін қолдана алатын нысанға дейін белсендірілуіне, осылайша сүйектеріңіздің беріктігін сақтауға және эритроциттердің шығарылуына қатысады.

Бүйректер қайда орналасқан?

Бүйректер омыртқаның екі жағында, көкірек қуысы астында және іштің артында орналасқан. Егер сіз жамбасыңызды қолыңызбен ұстап, содан кейін саусақтарыңызбен қабырғаларыңызды сезгенше жоғары қарай сырғытсаңыз, бүйректер артқы жағында, бас бармақтардың астындаорналасады. Сіз оларды сезбейсіз, бірақ олар сонда. Адамдардың көпшілігінде екі бүйрек бар, бірақ адам тек бір бүйрекпен қалыпты өмір сүре алады. Сондықтан бір бүйректі басқа пациентке ауыстырып орналастыру үшін қайырымдылықпен сыйға тартуға болады. Бүйректер бұршақ тәрізді пішінге ие және әрқайсысы жұдырық тәрізді.

Бүйректер қалай жұмыс істейді?

Салмаққа байланысты денеде әрдайым шамамен 4,5-6,5 литр қан айналып жүретін болады. Дене өзіне қажет тамақ пен сусындарды қабылдаған кезде, кейбір қалдықтар қанға оралады. Бүйрек күретамырлары қанды бүйрекке өткізеді, онда ол миллионға жуық микроскопиялық кішкентай нефрондар арқылы сүзіледі. Содан кейін қан бүйректерден бүйрек көктамырлары арқылы шығады, ал сүзілген қалдықтар мен артық су бүйректерден несеп ретінде несепағарлар арқылы шығады, қуыққа жиналып, несеп жолы арқылы шығарылады.

Күн сайын бүйрек арқылы шамамен 1500 литр қан өтеді. Бүйрек ауруларының көпшілігі нефрондар сүзу қабілетін жоғалтқан және қауіпті сұйықтық пен қалдық мөлшерін жинай алатын кезде пайда болады.

 

Мазмұнмен байланысты

Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігінің ең көп таралған екі факторы - қант диабеті және жоғары күретамырлық қысым болып табылады
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің алдын ала аласыз ба?
Созылмалы бүйрек ауруы - бұл бүкіл әлемде одан да жиі тарала бастаған ауыр ауру
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің кезеңдері
Созылмалы бүйрек ауруы уақыт өте келе бүйрек функциясының жоғалуынан зардап шеккен кезде пайда болады.