Пациентке тамаша күтім жасау бізден білімді және құқығы мен мүмкіндігі бар адамдардың бизнес орталығында болуын талап етеді.

Оларды бүкіл карьерасы жоллында тәрбиелеуге тырысамыз. Біз – үнемі дамып келе жатқан ұйымбыз. Жаңа әлеуетті көтермелеп, қызметкерлердің бізбен бірге қалай дамитынын көргіміз келеді. Бұған мүмкіндік беру, ағарту, оқыту және әртүрлі карьера мүмкіндігі арқылы жетеміз.

d.ACADEMY

d.ACADEMY виртуал университет арқылы қызметкерлердің кәсіби және тұлғалық дағдыларын дамытуға күш саламыз. Біздің медбикелер, дәрігерлер, менеджерлер және пациенттер әртүрлі электрон оқыту бағдарламасына қол жеткізе алады; инновациялық және маңызды ғылыми зерттеулердің нәтижесіне негізделген сарапшылардың шынайы білім алмасуы бар. Оған қоса, d.ACADEMY-дің тұлғалық дамуға арналған электрон кітапхансы бар. Осы технологиямен қатар, тұлға ретінде дамудың маңызы туралы білеміз.

Diaverum TGS_Kazakh_small.jpg

Аралас оқыту

d.ACADEMY арқылы ұсынылатын электрон оқытумен қоса, қызметкерлеріміз жергілікті деңгейде ұйымдастырылған ішкі және сыртқы медициналық білім беру және оқыту шараларын пайдалана алады. Білімді тәжірибеде жүзеге асыру үшін клиниканың әрбір жаңа қызметкеріне тәлімгер тағайындалады.

Тұлғалық даму

Жыл сайынғы бағалау үрдісіміз барлық қызметкердің келер жылға арналған даму мақсатын басшысымен бірге жоспарлауына кепілдік береді. Осылайша, көшбасшылар карьералық өсуді қолдайды және командасының дамуына көмектеседі.

 

Мазмұнмен байланысты

Клиниканың халықаралық мүмкіндіктері
Diaverum медицина қызметкерлеріне көптеген карьера мүмкіндігін ұсынады
Компания командасы
Біз адамдар мен компания қызметкерлерін алдыңғы орынға қоямыз. Біздің команда қамқорлық жасап, жағдайды жақсы жаққа өзгерткісі келетін кәсіби және білікті мамандардан тұрады
Компания құндылықтары
Біліктілік, жігерлендіру, өз жұмысына деген сүйіспеншілік. Жаһандық клиникалар желісі бойынша әр қызметкер үшін осы құндылықтар маңызды