Менің хикаям осы лауазымдағы кез келген қызметкерге, сондай-ақ, арманын жүзеге асыруды күтетін кез келген адамға көмектеседі және оны ынталандырады деп сенемін. Армандар шынымен орындалады!

[3] Филиппинде дипломы бар медбике болып жұмыс істедім. 2010 жылы медбике біліктілігін алу үшін Ұлыбританияға студент визасымен келдім. Англияға келгенге дейін қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үйінде медбике болып істеп, 2012 жылы Хартфордшир университетінде мейірбике ісі бакалавры дәрежесін алдым.

Күтім жасау саласында, шамамен 5 жылдай жұмыс істедім. 2015 жылы Diaverum UK компаниясындағы кіші медбикенің орны босағаны туралы хабарландыруға бардым. Мейірбике ісі саласындағы тәжірибеме сүйене отырып, маған диализ бойынша ассистент лауазымы ұсынылды [DA]. Аса қуанғаныма қарамастан, іштей медбике қызметін аңсадым. Дегенмен сол кезде Ұлыбританияның Мейірбике ісі және акушерлік кеңесі (NMC) шетелде оқудан өткен медбикелер үшін белгілеген қатаң ережеле бар екенін біліп, Ұлыбританияда тіркелген медбике болуға деген ұмтылысымды доғаруға мәжбүр болдым. Қашанға дейін доғармақпын?.. Оны біле алмадым.

Үміт сәулесі 2017 жылы Мейірбике ісі кеңесі шетелдегі медбикелерге арналған жаңа нұсқаулықтарды енгізген кезде пайда болды. Десек те, қатты уайымдап, күмәндандым. Құдай оңдағанда, аға әріптесім түрлі қол жететін нұсқаны, соның ішінде өтініш бергім келсе, Diaverum маған қалай қолдау көрсететінін талқылауға уақыт бөлді. Осы біліммен екі баласы бар жұмыс істейтін ана ретінде қарбалас жұмыс кестесіне қарамастан, кеңес белгілеген барлық талапты орындауға кірістім. Барлық тапсырмадан сәтті өтіп, ең жоғарғы ұпай жинағаныма қатты қуандым.

Қабылдау емтихандарын тапсырғаннан кейін денсаулығыма, қаржылық және иммиграциялық мәселелерге қатысты өмірімнің ең қиын айларын бастан өткердім. Қайда барсам да, қиындық пен кедергі күтіп тұрды, ақыр соңында Ұлыбританиядан Филиппинге кетуіме тура келді. Бұл өте қиын кезең еді, бірақ бір керемет Құдайға сенімімді, үмітімді сақтады.

2018 жылдың қараша айында Diaverum-ға Ұлыбританияға оралуымды қолдауға мүмкіндік беретін кеңестен «Шешім туралы хатын» алдым. Бұл мен үшін және балаларым үшін жаңа бастама болды. Қайтып оралғаннан кейін мейірбике ісі бойынша біліктілік емтихандарының соңғы кезеңіне дайындалуды бастадым. Содан кейін Ұлыбританияда тіркелген медбике ретінде тәжірибеден өту құқығымды растайтын кеңестен PIN-кодты сәтті алдым.

Карьерамның қалыптасуына көп уақыт кетті, бірақ бәрі өз уағында болатынына сенімдімін. Ешқашан бұлай толқып көрген емеспін. Солай бола тұра, мұның керемет сезім екені рас. Ұлыбританияда медбике болып істеуді армандағаным – шындық.

Қазіргі күніме жету үшін тынбай еңбек еттім, бірақ олардың ешқайсы адамдардың көмегі мен қолдауынсыз жүзеге аспас еді:

Біріншіден, Diaverum-ға сенімі мен өзіне деген сенімділігі үшін, сондай-ақ, Ұлыбританияға оралуымды рәсімдеуді қолдағаны үшін ризамын. Истборн клиникасындағы менеджерлеріме маған сенгені және әрдайым көмектескені үшін рақмет. Шабыттандырған достарым мен әріптестеріме және Ұлыбритания отбасы мүшесі болғаным үшін ризашылығымды білдіремін.

Аса қиын кезеңдерде қолдаған және сенген адамға рақмет [«көп рақмет»]. Ең бастысы, мені қолдаған отбасыма, әсіресе балаларыма алғыс. Мұның бәрін жалғыз өзім жасай алмас едім.

Өз елінде біліктілікке ие болған, әлі де болса басқа жерде тіркелген медбике болғысы келетін немесе арманын орындағысы келетіндер үшін ешқашан кеш емесін растай аламын. Бәрі мүмкін. Міндетіңізді орындаңыз. Ең ұзақ саяхат бір қадамнан басталады. Осы қадамды жасаңыз.