Сізге жеке және тиімді қызмет көрсетудің бұрын-соңды болмаған деңгейін ұсынуға тырысамыз.

Медициналық клиникаларымызды жаңа технологиялық тәсілдермен үздіксіз интеграциялауға, алтын стандарт пен кеңейтілген үздік бүйрек күтімі қызметін жасауға бет алдық. Оған қоса, мұны болашақта пациенттерімізге және бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесіне қосуға тырысып жатырмыз.

2020 ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМ

Швеция мен Венгриядағы әзірлеу топтарымыз медициналық көмек беру моделіне жаңа технологияларды енгізу бойынша көптеген жобамен жұмыс істеп жатыр.

Тұрақты дамып келе жатқан цифрлық шешіміміз дүниежүзі бойынша дәйекті, тиімді және жоғары сапалы көмек беру қабілетіміз үшін өте маңызды. Бұл сізге ыңғайлы болу үшін және жай-күйіңізді жақсартуға мүмкіндік береді. Біз мына цифрлық платформалар мен қосымшалар арқылы жұмыс істейміз:

БҮЙРЕК ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН D.CARE ПЛАТФОРМАСЫ

Diaverum әзірлеген бүйрек туралы ақпаратты бақылау жүйесі пациенттерді және клиникаларды бақылауға мүмкіндік береді. Мұнда клиникалар жұмысы, медициналық есептер, клиникалық процесс және әкімшіге қатысты деректер бар. Платформа клиникалық жұмыс процесін және дәрі-дәрмектерді бақылайды.

PGS

Diaverum компаниясының PGS қызметі сізге дәрі-дәрмек қабылдауды жақсартуға қатысты кеңес береді. Ондай рекомендацияны дәрігерлер d.CARE бүйрек туралы ақпаратты бақылау платформасынан алынған медициналық мәліметке сүйеніп ұсынады.

TGS (ЕМДЕУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР ЖҮЙЕСІ)

Емдеу бойынша ұсыныстар жүйесі медбикелерге клиникалық жұмыс процесіне стандартталған тәсілді ұстануға көмектеседі. Бұл күтімнің өзгеріп тұруын азайтуға және қатені кемітуге мүмкіндік береді. Медицина мамандары планшет арқылы TGS-ке сіздің креслоңыздан немесе төсегіңізден қосыла алады, ал TGS қағазсыз ортада диализ кезінде ақпарат жинап, ұсынады. Оған қоса, TGS қорлар мен қаржылық операцияларды басқаратын Diaverum кәсіпорны ресурстарды жоспарлау жүйесіне қосылады.

D.CONNECT

d.CONNECT – бұл диализ мониторларындағы деректерді жинауға арналған толықтай автоматтандырылған платформа. Ол жиналған ақпаратты TGS-ке жеткізу үшін қолданылады.

D.ACADEMY

Бұл – «виртуал» білім беру платформасы, онда сізге, медбикелерге, дәрігерлер мен кәсіпорын басшыларына арналған ақпарат жарияланады.

D.CARE қосымшасы

Diaverum IOS/Android үшін әзірлеген бұл қосымша біздің денсаулық сақтау мамандарымен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Сіз онда денсаулығыңыз бен өмір сүру сапасы туралы ақпарат жаза аласыз, ал d.CARE қосымшасы еміңізге қатысты ақпарат береді. Бұл – өзіңізге қамқор болу мен амандығыңызды қалау арқылы бізбен белсенді қарым-қатынас жасауға шақыратын бірнеше тәсілдің бірі.

 

Мазмұнмен байланысты

Ғаламдық қызмет көрсетуші
Diaverum: дүниежүзінде бүйрек емдеу
Компания құндылықтары
Біліктілік, жігерлендіру, өз жұмысына деген сүйіспеншілік. Жаһандық клиникалар желісі бойынша әр қызметкер үшін осы құндылықтар маңызды
Біз жақтайтын нәрселер
Компания үндеухаты. Бұл – компанияның барлық қызметінің негізгі бағыты.