Қызметкерлеріміздің кәсібилігі мен құзыреттілігі клиникалардың әрқайсындағы пациент үшін әлемдік деңгейдегі бүйрек күтімі бойынша қызмет ұсыну үшін бірігуге мүмкіндік береді. Қамқорлық жасайтын және жағдайды жақсы жаққа өзгерткісі келетін адамдар.

Біздің желілер халықаралық деңгейде тұлғалық өсу мен даму мүмкіндігін ұсынады. Төменде сипатталғандай, біз әртүрлі тектен шыққан және кәсібі де әртүрлі адамдар тобын ұсынамыз. Денсаулық сақтау саласындағы ең жақсы дарындарды іздеумен қатар, басқа салаларда оқуға және біздің әлемге қадам жасағысы келетін адамдарды қабылдауға тырысамыз.

our-people---couple-with-van.jpg

Медбикелер

Біздің медбикелер компания қызметкерінің көп бөлігін алады. Дәл солар пациенттермен тікелей және ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатып, олардың өмір сапасын күн сайын жақсартып отырады. Біздің медбикелер – мейірбике ісі мамандары. Олар тұлғалық дамуға және идеялар алмасуға ықпал ететін бірнеше корпоратив бағдарламамына қатысады.

Дәрігерлер

Дәрігерлер – медицина саласындағы сарапшылар. Олар бүйрек күту саласындағы ең жоғары стандарттарды ұстануымызды, сондай-ақ, пациентке арналған ғылыми-зерттеу бағдарламаларын қадағалайды. Diaverum дәрігерлері білім беру бағдарламасы арқылы заманауи білімге қол жеткізе алады, онда олар өз тәжірибесін бөліседі және өзара тәжірибе алмасады. Олар біз саламызда ең үздік болғанымызды және халықаралық деңгейдегі білімді бөліскенімізді қадағалайды.

Қосымша клиникалық қызметкерлер

Біздің медбикелер мен дәрігерлер бірқатар басқа клиникалық қызметкерден жоғары сапалы медициналық көмек арқылы қолдау алады. Мұндай құрметті қызметкерлер Diaverum клиникаларының ең жоғары стандарттарға сай жұмыс істеуін және пациенттерімізге ұсынатын көптеген күтім қызметін үйлестіруге көмектеседі.

Басшылық және корпоратив командалар

Diaverum басшылығы мен корпоратив командасы – денсаулық сақтау саласындағы және одан басқа саладағы дарынды адамдардың әртүрлі тобы. Түрлі саладан, мамандықтардан және мәдениеттерден алынған бұл үлкен білім тәжірибе қорымызды байытады және Diaverum компаниясының 20-дан астам елдегі барлық қызметіне жаңа болашақ пен білім әкеледі.

 

Ширли – шабыт үлгісі, Diaverum медбикесі

Армандар мен ауыр жұмыс туралы хикая...

Ары қарай оқу

Мазмұнмен байланысты

Клиниканың халықаралық мүмкіндіктері
Diaverum медицина қызметкерлеріне көптеген карьера мүмкіндігін ұсынады
Оқыту
Құқығы мен мүмкіндігін арттыру, білім беру және оқыту арқасында бірге дамып келеміз
Вакансиялар
Бізге қосылыңыз және бізбен бірге дамыңыз