Тараудың ең басынан, Diaverum-нің 76 тармақтардан тұратын COVID-19 төтенше жағдайындағы әрекеттер жоспары, күтім жасау мәдениетімен үйлесе отырып, пандемиямен байланысты бірізді қарсы шаралар қабылдауда маңызды рөлді атқарды.
Бұл аурудың әсерін минимумға жеткізіп, сонымен қатар, жұмыстың үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, біздің емделушілер мен персоналдың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға ықпал етеді. Сонымен қатар, осындай шаралар қоғамда вирустың таралуымен күресу үшін әртүрлі елдердегі Ұлттық денсаулық сақтау қызметтерімен серіктестікті нығайтты.
Дамылсыз күш салу, мақсаттылық және Diaverum-гі біздің қызметкерлердің іске берілгендігі пандемияман осындай күрделі күресте ары қарай жылжуға күш берді! Бірақ вируспен күрес әлі аяқталған жоқ.
COVID-19-дің таралуы және әсері күллі әлем бойынша құбылғандығына қарамастан, сонғы бірнеше апта ішінде біз инфекция жұқтыру жағдайлары санының жылдам артуының куәгерлері болдық, ал аурудың Еуропа бойынша өсуі үкіметтер жаңа ұлттық шектеулер мен карантиндік шаралар енгізетін көлемдерге дейін жетті. Күллі әлемде вакцинаның сынақтары қарқынды жалғасуда, бірақ
біз ол клиникалық жағдайларда қолданылғанға дейін вакцинаны зерттеу үшін уақыт қажет етілетіндігін білеміз. Бірақ сынақтардың 3 фазасындағылардың аздаған саны ауқымды вакцинациялау 2021 жылдың басында басталатындығына үміт береді.
Вирустың жаңа қарқынмен таралуымен байланысты біз өзіміздің күшімізді нығайтудамыз және біздің емделушілер мен халықты қорғауды жалғастыруға ерекше мән береміз.
Бұл қазіргі сәттен бастап және 2021 жылы біз үш стратегиялық міндеттерге ерекше мән беруді жалғастыратынымызды білдіреді:
- Қауіпсіздік: Жұқтыру қауіпін бақылау және минимизациялау және пандемияның орта мерзімді және ұзақ мерзімді салдарының орын алуына қарай біздің емделушілер мен персоналдың денсаулығын және қауіпсіздігін сақтау.
- Үздіксіздік: Онда біз қызметімізді жүзеге асыратын елдерде инциденттер санының артуы аясында оперативтік тұрақтылықты сақтау және қызметтің критикалық маңызды түрлерін қорғау бойынша күшті белсендіру.
- Өнімділік: Олардың күллі әлем бойынша біздің емделушілерге қызмет көрсетудің осындай деңгейін сақтай алуы үшін, клиникалық бригадалардың жағдайына назарды аудару.
Жоғарыда мазмұндалған стратегиямен сәйкес, біздің клиникалар наурыз-маусымның ең шектелген клиникалық хаттамаларына қайтып оралуда, ал 76 тармақтардан тұратын төтенше жағдайлардағы әрекеттер жоспары мықты негізін қалайды.
Кеңсе қызметкерлері егер нақты жағдайлар клиникада болуды талап етпесе, қашықтықтан, үйден, келісім бойынша жұмыс істеуді бастауда. Келе жатқан қысқы айлармен және желтоқсандағы мерекелік маусыммен сәйке келетін, COVID-19-ды басқару бойынша осындай ұзаққа созылған жұмыс біздің клиникалық, сонымен қатар, бейклиникалық командаларға онсыз да қиын жылға қиындықтар қосатындығын анық түсінеміз.
COVID-19-дың жалпы саулыққа әсері қысқа мерзімді болашақта ғана емес, сонымен қатар, пандемия нәтижесінде орын алатын жаңа жағдай шегінде біздің адамдарға қолдау көрсете алуымыз үшін, орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада да басқарылуы тиіс. Дәл осы себеппен біз, бизнестің әртүрлі салаларында жинақталған тәжірибе мен үздік тәжірибелерге, сонымен қатар, пандемия басынан жүзеге асырылаты біздің «staff 4 life» жетістікті бағдарламамызға сүйене отырып, саулықты қамтамасыз етудің сенімді және барлығын қамтитын стратегиясын қалыптастырамыз.
Біздің COVID-19-дың соңғы толқынымен күреске берілгенімізді растай отырып, біз 22 аймақтарда жұмыс істейтін Diaverum-нің күллі командасына үлкен алғысымызды білдірмей кете алмаймыз. Мен айтып кеткендей, біз игі миссияны орындаймыз.
Димитрис Мулавасилис...
Diaverum Бас директоры